Мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес Комитет өнімнің, адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған орта үшін процестерді, соның ішінде өсімдік және жануарлар әлеміне, сондай-ақ тұтынушыларды өнім, қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасына қатысты алдауға әкелетін іс-әрекеттердің алдын алу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оны іске асыру стадиясында өнім қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
Мемлекеттік бақылау объектілері техникалық регламенттермен белгіленген талаптардың сақталуына техникалық регламенттер таралатын өнімдер, рәсімдер, сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынау зертханалары болып табылады.
Қазіргі кезде Комитеттің мемлекеттік бақылау саласындағы саясатты іс жүзінде жүзеге асыру Комитеттің аумақтық департаменттерімен мынадай үш бағытта:
1. Қазақстанда өндірілетін және басқа елдерден оны іске асыру стадиясында кіргізілетін өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына мемлекеттік бақылауды;
2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдары (СРО) мен сынау зертханаларының (СЗ) қызметіне мемлекеттік бақылауды;;
3.Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асырады.
1. Қазақстанда өндірілетін және басқа елдерден оны іске асыру стадиясында кіргізілген өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына мемлекеттік бақылау мынадай үш бағытта:
- нормативтік құжаттамаларға сәйкестікке зертханалық сынаулар үшін өнімдер үлгілерін іріктеу және сатып алу Республикалық бюджет қаражаты есебінен;
- өнімді жүзеге асыру стадиясында сәйкестік декларациялары мен сертификаттардың болуына тексеруді;
- тауарлар зат белгілеріне (маркировка) мемлекеттік және орыс тіліндегі ақпаратты түсіру жөніндегі талаптардың сақталуын тексеруді жүзеге асырады.
2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдары (СРО) мен сынау зертханаларының (СЗ) қызметіне мемлекеттік бақылау тек жеке, заңды тұлғалардың өтініштерімен және мемлекеттік органдардың, соның ішінде аккредитациялау жөніндегі органның хабарламалары бойынша:
- СРО мен СЗ-ның аккредитациялау материалдары мен сапа бойынша басшылық талаптарына сәйкестік;
- СЗ пайдаланатын өлшем құралдарының ахуалы;
- СРО өнім сәйкестікті растау ережелерінің талаптарының сақталу жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес Комитет Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асырады, ол:
1) өлшеу құралдарын шығару, ахуалы және қолдануына, өлшеулерді қолдану әдістерін, мөлшер бірліктерінің эталоны, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына бақылауды;
2) сауда операцияларын жасау кездегі алынатын тауарлар санына бақылауды;
3) оралған тауарлардың оларды орау, сату және импорттау кезінде санына бақылауды;
4) мемлекеттік нысандарды (елтаңба, ту) жасау және олардың кескіндемесі бар материалдық объектілердің лицензияланған қызметіне бақылауды қосады.
Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды және жеке тұлғаларда, шетел ұйымдарын қоса алғанда, техникалық реттеу және өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық кесімдермен бекітілген міндетті талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік бақылау бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның 14 облыстағы мен Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері болып табылады.
Мембақылаудың мақсаты азаматтардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде мемлекет мүдделері мен тұтынушылар құқықтарын қорғау болып табылады.
Техникалық реттеу саласындағы норативтік құқықтық кесімдермен талаптардың сақталуына мембақылаудың объектілері болып өнімдер, рәсімдер, сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар табылады.
2005 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын енгізуімен мемлекеттік бақылау өнімді іске асыру стадиясында жүзеге асырылады.
Бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік испекторлар техникалық реттеу және өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарды басшылыққа алады:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысандары туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылңы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық Заңы;
2. «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 Заңы;
3. «Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53 Заңы;
5. «Химия өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 302 Заңы;
6. «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 306 Заңы;
7. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылығы 11 қаңтардағы № 214 Заңы;
8. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚазССр-дің 1991 жылғы 5 маусымдағы Заңы;
9. «Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы № 1274 Қаулысы;
10. «Өнімдер мен тауарларды, оларды жүзеге асыру және қолдану жарамсыз деп танылған жағдайда жою немесе әрі қарай қайта өңдеу жөніндегі тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1891 Қаулысы;
11. «ҚР өнімінің сәйкестікті міндетті растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 Қаулысы
12. «Сауда базарларының жұмысын ұйымдастырудың Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 Қаулысы;
13. «Ішкі сауда ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 сәуірдегі № 371 Қаулысы;
14. «Өлшеу құралдарын өндіру және жөндеужөніндегі іс-әрекетке қойылатын лицензиялау мен біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 626 Қаулысы;
15. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әнұранын орналастыру Ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 Қаулысы;
16. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын бірыңғай мемлекеттік тіркеу, статистикалық есеп және тексеулерге бақылауды жүргізу туралы» ҚР Бас Прокуратурасы бекітікен 2007 жылғы 14 қарашадағы № 46 Нұсқаулығы;
17. «Тауар шығарған елді анықтау жөніндегі ережелер» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 24 қыркүйектегі № 374 бұйрығымен бекітілген.

















