Жапониядағы стандарттау: Жапонияның Стандарттау жөніндегі қауымдастық президенті Масами Танакамен болған интервью
Солтүстік-шығыс Азия үшін Стандарттау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форум (Northeast Asia Standards Cooperation Forum) алдына қандай мақсат қояды және Жапонияның осы форумдағы рөлі қандай?
Стандарттау жөніндегі өнеркәсіптік комитет (JISC) және Жапонияның стандарттау жөніндегі қауымдастығы (JSA) Қытай және Корей ұйымдарымен бірлесіп, солтүстік-шығыс Азияға арналған стандарттау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумның негізін салушылар болды. Стандарттау әзірлеу, халықаралық стандарттау үшін сенімді негіз жасау, халықаралық стандарттардың тақырыптары бойынша жаңа ұсыныстар әзірлеу және стандарттар қолданысын тарату форумның мақсаты болып табылады. Одан басқа, форум кезек-кезек жыл сайынғы кездесулерде қабылдаушы және хатшылықтың функциясын іске асыратын тарап ретінде үш ел – Қытай, Корея және Жапонияның ынтымақтастығы арқасында стандарттау жөніндегі қызметке үлес қосуды іске асырады. Бұ топ әртүрлі мемлекеттік ведомстволармен және өнеркәсіп өкілдерімен өзара әрекет етеді, сондай-ақ форум жұмысына жаңа қатысушыларды тартады.
JSA осы форумдағы миссиясы қатысушыларды үйлестіру, өнеркәсіп өкілдерінен болатын пікірлерді жинақтау және жүйеге түсіру және Жапониядан келген өкіл ретінде кеңес жұмысына қатысудан тұрады.
2009 жылғы қарашадағы кездесуде форумға қасытушылар стандарттау саласындағы үш елдің ынтымақтастығын одан әрі күшейту қажеттігі туралы пікірге келді. Басқа басым бағыттар арасында – ақпараттық технология және электроника, кедергісіз қол жеткізу және арнайы мүмкіндіктермен өнімді қамтамасыз етуге арналған жобалау саласында, ISO/TC 71 «Бетон, темірбетон және алдын ала кернеуленген темірбетон» техникалық комитетімен білім алмасу.
JSA стандарттар әзірлеудің басқа қандай форумдарына қатысады?
Тынық мұхит бассейнінің Стандарттау жөніндегі конгресінің (PASC) қызметіне Жапонияның стандарттау жөніндегі қауымдастығы (JSA) Жапонияның PASC мүшесі болып табылатын Стандарттау жөніндегі өнеркәсіптік комитетпен (JISC) бірге кеңестер мен семинарларға қатысады.

















