Блог Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Мухамбетова Габит Мухамбетовича
Премия Президента РК
Сайт Депозитария САПК ЕНСИ РК (системы актуализации и предоставления классификаторов единой нормативно – справочной информации Республики Казахстан)
Сертификат отечественного производителя «СТ-KZ»
Сіз не үшін бұл сайтқа келдініз?





  
Астана қ., Есілдің сол жағы аумағы, (№35) Орынбор көшесі, 11
тел: + 7 7172 793301
факс: + 7 7172 240248
e-mail: standard@memst.kz
Сенім телефоні: + 7 7172 793418

Егер сiз емле қатені тапсаңыз, оны тышқанмен ерекшелеп "Ctrl+Enter" басыңыз.

Сапа, менеджмент және инновациялар – тұрақты даму негізі

01.06.2010 Осындай атаумен 26 – 27 мамыр аралығында Минск қаласының «Виктория» қонақ үйінде кез келген мемлекеттің экономикасы үшін ең өзекті болып табылатын тақырып – сапа жөнінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.  

Сондай-ақ форум шеңберінде Мәскеуде наурызда және Астанада мамырда «Техникалық реттеу – 2012» конференцияларында басталған Беларусь, Қазақстан және Ресей Кеден одағының ортақ нарығындағы тауарлардың еркін айналымы үшін жағдай жасау жөніндегі әңгіме жалғастырылды.

Минскіде Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырушылар Белоруссия, сондай-ақ ТМД және Еуропа елдерінің бірқатар мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарының қатысуымен және қолдауымен Беларусь Республикасының Мемстандарты, Белоруссия мемлекеттік стандарттау және сертификаттау институты сөз сөйледі.

Ашық диалог және пікірталастарға мемлекеттік басқару органдарының, өнеркәсіп салалары мен әртүрлі қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар, ғылым және білім мекемелері, бизнестің 200-ден аса жетекші мамандары қатысты.  

Конференцияға сондай-ақ Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, Ресей техникалық реттеу, Қазақстан Республикасының Мемстандарт, Украина сапа қауымдастығы, Литва стандарттау жөніндегі департаменті, Француз стандарттау қауымдастығы және Словакия Республикасының Пиештяны институтының Техникалық сынақ институтынан делегация қатысты.

Осы форумның Белоруссия үшін ерекше мәні болды. Ол елде Сапа жылы болып жарияланған жылы өтті. Оны өткізу жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспарында белорустық өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның сыртқа нарыққа шығуына көмек көрсету мақсатында халықаралық практиканы ескере отырып, техникалық нормалауды жетілдіру, стандарттау, сәйкестікті бағалау, жүйелік менеджмент жөніндегі жұмыстарға елеулі орын берілген. Осы жылы Мемлекеттік «Сапа» бағдарламасының қорытындысы шығатын болады.

Сонымен бірге 2010 жылы Беларусь, Қазақстан және Ресей Кеден одағы шеңберінде техникалық реттеу саласында келісілген саясат жүргізуге бағытталған бірлескен күрделі жұмыс тұр. Өнімнің ортақ нарыққа жылжуының бизнеске және тұтынушыларға түсінікті бірыңғай ережелерге негізделетін жаңа моделін жасау жалпы экономикалық мүдделерді ескере отырып, біздің елдің тәжірибесін, халықаралық және еуропалық практиканы мұқият зерделеу, ұстанымды үйлестіруді талап етеді.

Өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ұйымның тұрақты дамуына арналған инновациялық тәсілдерді қолдану, саудадағы техникалық кедергілерді жою бағытындағы осы маңызды бағыттар мынадай пленарлық мәжіліс және тақырыптық секциялық отырыстарда қаралды: «Техникалық регламенттер мен стандарттар – қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инновациялар енгізу. Техникалық реттеу – 2012», «Сапа менеджменті, жүйелік менеджмент, инновациялар – тұрақты даму негізі», «Сапаны метрологиялық қамтамасыз ету, қадағалау және аккредиттеу».

         Пленарлық отырыста баяндама оқығандар:  
«Сапа – ұлттық экономиканы тұрақты дамыту факторы ретінде»  
Назаренко Виктор Владимирович – Беларусь Республикасы Мемстандарты Төрағасының бірінші орынбасары, э.ғ.к..  
•    «Сапа менеджменті жүйелері бәсекеге қабілеттілікті арттырудың қолданылатын құралы ретінде»
Момышев Талғат Амангелдіұлы – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Қазақстан Республикасының Мемстандарты) Төрағасының орынбасары
•    «Стандарттау және техникалық реттеу Кеден одағы елдерінің экономикасын дамыту құралы ретінде»
Зажигалкин Александр Владимирович – Ресей Федерациясының Техникалық реттеу және метрология жөніндегі федералдық агенттік жетекшісінің орынбасары, Ресейдің Халықаралық құқық қауымдастығының мүшесі.
•     «Ұйымдарды жүйелік жетілдіру арқылы мемлекетті тұрақты дамытуға»
Калита Петр Яковлевич – Украина Сапа қауымдастығының президенті, т.ғ.к., а.ғ.қ., Киев қ..  
•     «Экономиканы инновациялық дамытудағы білім берудің рөлі»
Жук Александр Иванович – Беларусь Республикасы Білім  Министрінің бірінші орынбасары, п.ғ.д., профессор  
•     «Халықаралық стандарттар мен еуропалық менеджмент модельдеріндегі тұрақты даму және тұрақты табыс»
Дворкин Леонид Семенович – AFNOR Rus Бас директоры, т.ғ.к., Мәскеу қ..  
•     «Жаңа материалдар мен технологиялар – тұрақты даму келешегі»
Витязь Петр Александрович – Белоруссия Ұлттық ғылым академиясы Президиумы Төрағасының бірінші орынбасары, т.ғ.д., академик

Возврат к списку

Логин:
Пароль:
Регистрация
Забыли свой пароль?
Жаңасы
04.08.2010  Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс туралы семинар

20.07.2010  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыйақысына ізденуге арналған конкурс туралы шешім

05.07.2010  Сәйкестікті растау жөніндегі органдарға және сынақ зертханаларына

28.06.2010  Шағын бизнес үшін ИСО 9001 стандартының жаңа редакциясы

30.06.2010  «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға арналған конкурс туралы өңірлік семинарлар жалғастырып жүргізіліп жатыр

02.07.2010   «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға арналған конкурс туралы

09.07.2010  Сәйкестікті растау жөніндегі органдарға және сынақ зертханаларына

01.06.2010  Сапа, менеджмент және инновациялар – тұрақты даму негізі

08.06.2010  «2010 жылғы ең жас метролог» конкурсының қорытындысы

08.06.2010  Ғылым мен техникадағы өлшеу – инновацияға барар жол

Сайт бойынша іздеу

Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана.
Официальный сайт Президента РК
Парламент Республики Казахстан
Электронное правительство Республики Казахстан
30 Корпоративных лидеров
Жаңа индустрияландыру президент бағдарламасы
План совместных действий по стабилизации экономики и финансовой системы на 2009 – 2010 годы
РГП "Центр технического сопровождения и анализа в области телекоммуникаций"
База законодательства
Келіп кету есептегіш

Хиттер
2739310
8872

Хосттар
157118
651

Келіп кетушілер
143875
789
11