Блог Председателя Комитета по техническому регулированию и метрологии Мухамбетова Габит Мухамбетовича
Премия Президента РК
Сайт Депозитария САПК ЕНСИ РК (системы актуализации и предоставления классификаторов единой нормативно – справочной информации Республики Казахстан)
Сертификат отечественного производителя «СТ-KZ»
Сіз не үшін бұл сайтқа келдініз?





  
Астана қ., Есілдің сол жағы аумағы, (№35) Орынбор көшесі, 11
тел: + 7 7172 793301
факс: + 7 7172 240248
e-mail: standard@memst.kz
Сенім телефоні: + 7 7172 793418

Егер сiз емле қатені тапсаңыз, оны тышқанмен ерекшелеп "Ctrl+Enter" басыңыз.

Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережелері

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 

2009 жылғы «22» қарашадағы

№ 312 бұйрығымен бекітілген

Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережелері 

Осы Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу ережелері «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген және техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу тәртібін (бұдан әрі - Ережелер) анықтайды және техникалық құралдардың өндірушілері, жеткізушілері және пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. 

1.    Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеудің жалпы тәртібі                                  

1.                 Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеуді техникалық құралдарды өндірістен шығару кезінде, әкелу және өткізу кезінде және пайдалану алдында техникалық құралдарды әкелу, сатып алу, қолдану бойынша шешімдерді қабылдайтын өндірушілер, жеткізушілер, пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 

2.                  Техникалық құралдардың өлшем құралдарына жатқызу белгілері: 

өлшемдердің нормаланған дәлдікпен орындалуы; 

метрологиялық және техникалық сипаттамаларының болуы болып табылады. 

Қайта әкелінетін немесе бұрын өндірілетін техникалық құралдары үшін өлшем құралдарына жатқызу белгілері олардың мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – МӨЖ тізілімі) немесе салыстырып тексеруге жататын өлшем құралдарының тізбесін және салыстырып тексеру мерзімділігін белгілейтін номенклатуралық тізбесінде болуы болып табылады. 

3.                 Техникалық құралдарды өлшем құралдарына жатқызу бойынша шешімді қабылдауға арналған дереккөздер: 

техникалық құралдарды өндірушіден түсетін ақпарат; 

нормативтік құжаттама; 

техникалық (пайдалану) құжаттамасы; 

пайдаланудың мақсаты; 

МӨЖ тізілімінің деректері болып табылады. 

4.                 Техникалық құралдардың күрделілігіне байланысты техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеуде қиындық туындағанда, осы процедураны пайдаланушының өтінімі бойынша 2-тарауда белгіленген тәртіпке сәйкес Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО) жүзеге асырады. 

2. МҒМО қатысуымен техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеудің тәртібі 

5.           Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу және метрология бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекен-жайына сұраныс-хат және техникалық құралды сүйемелдейтін және мынадай ақпараттарды қамтитын құжаттар жиынын жолдайды: 

техникалық құрылғының мақсаты; 

техникалық құрылғының іс-әрекетінің қағидаты; 

техникалық құрылғының құрамы; 

техникалық құрылғының толық техникалық және метрологиялық сипаттамалары. 

          Шет елдік өндірушінің барлық құжаттары мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасымен беріледі. 

6.           МҒМО ұсынылған құжаттаманы техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу мақсатында қарайды. 

Техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиістілігін белгілеу бойынша берілген құжаттарды қарастыру жұмыстары осы Ережелердің 5-тармағына сәйкес құжаттар жиыны және келісімшарт бойынша төлем түскен мерзімнен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Жұмыстар құны «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады. 

МҒМО келісімшартты уәкілетті органнан сұраныс-хат және құжаттар жиыны түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жасайды. 

Техникалық құралдарды өлшем құралдарына жатқызу белгілері осы Ережелердің 2-тармағында белгіленген белгілер болып табылады. 

          Ұсынылған материалдарды қарау нәтижелері бойынша келесі ақпаратты қамтитын қорытынды ресімделеді: 

сұраныс берген өтінім беруші ұйымның (филиалдың) атауы; 

техникалық құралдың атауы; 

қарау үшін материалдарды алған күні (МҒМО тіркелу күні бойынша); 

ұсынылған құжаттардың тізімі; 

шешім; 

материалдарды қараудың соңғы күні; 

сараптаманы жүргізген тұлғаның қолы, бөлімше басшысының қолы. 

          Қорытынды МҒМО техникалық кеңесінде қаралады, оның шешімі ұсынылған құжаттамалармен бірге түпкі шешімді қабылдау үшін техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның Метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссиясының (бұдан әрі – ҒТК) қарауына ұсынылады.  

7.           МҒМО, ҒТК шешімінің негізінде, өтінім берушіге тиісті шешіммен хат жібереді. 


Тізімге қайтарылу

Логин:
Пароль:
Регистрация
Забыли свой пароль?
Жаңасы
04.08.2010  Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс туралы семинар

20.07.2010  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыйақысына ізденуге арналған конкурс туралы шешім

05.07.2010  Сәйкестікті растау жөніндегі органдарға және сынақ зертханаларына

28.06.2010  Шағын бизнес үшін ИСО 9001 стандартының жаңа редакциясы

30.06.2010  «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға арналған конкурс туралы өңірлік семинарлар жалғастырып жүргізіліп жатыр

02.07.2010   «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға арналған конкурс туралы

09.07.2010  Сәйкестікті растау жөніндегі органдарға және сынақ зертханаларына

01.06.2010  Сапа, менеджмент және инновациялар – тұрақты даму негізі

08.06.2010  «2010 жылғы ең жас метролог» конкурсының қорытындысы

08.06.2010  Ғылым мен техникадағы өлшеу – инновацияға барар жол

Сайт бойынша іздеу

Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана.
Официальный сайт Президента РК
Парламент Республики Казахстан
Электронное правительство Республики Казахстан
30 Корпоративных лидеров
Жаңа индустрияландыру президент бағдарламасы
План совместных действий по стабилизации экономики и финансовой системы на 2009 – 2010 годы
РГП "Центр технического сопровождения и анализа в области телекоммуникаций"
База законодательства
Келіп кету есептегіш

Хиттер
2729968
11258

Хосттар
156418
876

Келіп кетушілер
143308
1062
4