Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Техникалық реттеу және метрология комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) реттеуіш, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ техникалық реттеу және метрология саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
      5. Комитет, егер осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.
      6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Комитет басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Комитеттің құрылымы мен штат саны лимитiн Жауапты хатшы бекітеді.
      8. Комитеттің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 11, «Эталон орталығы» ғимараты.
      9. Комитеттің толық атауы:
      мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комиеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
      Орыс тілінде – республиканское государственное учреждение «Комитет технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан».
      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Комитет қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
      Егер Комитетке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. Миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      12. Комитеттің миссиясы: Қазақстан Республикасында өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтердiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің анық емес нәтижелері салдарынан қорғау.
      13. Мiндеттерi: техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру.
      14. Комитеттің функциялары:
      1) аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидаларын және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
      2) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
      3) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      4) жобалар мен техникалық регламенттердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатқа және «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiн талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
      5) техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен өзара әрекет ету;
      6) сәйкестілік нәтижелерін өзара растайтын халықаралық және өңіраралық стандарттау бойынша жұмыстарға қатысуда, сәйкестілікті және аккредиттеуді растайтын халықаралық және өңіраралық стандарттау бойынша Қазақстан Республикасын білдіру;
      7) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастыру;
      8) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіру;
      9) Ақпараттық орталықтың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
      10) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
      11) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібін сақтауға уәкілетті ұйымның қызметін және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібін сақтау үшін уәкілетті органның (ұйымның) қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асыру;
      12) техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастыру;
      13) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармаларын растауды ұйымдастыру;
      14) өнімді таңбалау тәртібін әзірлеу;
      15) техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің қағидаларын әзірлеу;
      16) егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң талаптарына жауап бермейтiн болса, басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi бойынша құжаттардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындау;
      17) зертханааралық салыстырма сынау (салыстыру) жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
      18) Қазақстан Республикасы аумағында шетел үлгісінің сәйкестілігін растау саласында құжаттарды беру бойынша қызметтің жүзеге асырылуын бастау немесе тоқтату туралы хабарландырылған шетелдік және халықаралық ұйымдардың тізілімін жүргізу;
      19) техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiн қалыптастыруға қатысу;
      20) сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шыққан елін, Кеден одағы тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және тәртібін әзірлеу;
      21) стандарттау жөніндегі ұйымдардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың ресми басылымдарын тарату тәртібін және стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмыстарына қатысу және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу;
      22) сәйкестiк белгiсiнiң кескiнiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртiбiн әзiрлеу;
      23) техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережелерiн әзірлеу;
      24) Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу мен кодтау жүйесiн құру және оның жұмыс iстеуiн бақылау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;
      25) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім тізілімін жүргізу;
      26) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде консультациялық-кеңесшi органдар құру бойынша ұсыныстар дайындау;
      27) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша жоспарды қалыптастыру;
      28) Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметін үйлестiрудi жүзеге асыру;
      29) шама бiрлiгiнiң мемлекеттiк эталондарын бекiту;
      30) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастыру;
      31) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының жіктелуін әзірлеу;
      32) өлшеу құралдарына, әдiстерi мен нәтижелерiне, өлшеу құралдарын тексеру әдiстемелерiне жалпы метрологиялық талаптарды әзірлеу;
      33) өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу нәтижелерiн салыстыруды ұйымдастыру;
      34) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастыру;
      35) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және жүргізу;
      36) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларды және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерді аттестаттау және қайта аттестаттауды жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
      37) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау тәртібін айқындау және ұйымдастыру;
      38) өлшеу құралдарының түрiн бекіту туралы сертификаттардың, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттардың нысандарын белгiлеу;
      39) салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану тәртібін белгiлеу;
      40) техникалық құралдардың өлшем құралдарына тиесілігін белгiлеу тәртібін әзірлеу;
      41) мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiн жүзеге асыру жөнiндегi нормативтiк құжаттарды келiсу;
      42) өлшем құралдарының үлгiсiн бекiту туралы шешiмдер қабылдау;
      43) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау бойынша лицензиялауды жүзеге асыру;
      44) тауардың шығарылған елін айқындау және тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру жөніндегі ережелерді бекіту.
      16. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      17. Комитет құқығына:
      1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығару;
      2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге іс-шараларды өткізу;
      5) қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша консультациялық-кеңесу органдарын (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тарту;
      7) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құру;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру кіреді.
      Комитеттің міндеттеріне:
      1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
      3) Комитетің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;
      4) бұл туралы Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдар ресми сұратқан жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды беру;
      5) Комитет теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу;
      7) белгіленген мерзімде бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және Министрлікке беру;
      8) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражатты толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
      9) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізу кіреді.

3. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру

      18. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Төраға басқарады.
      19. Төрағаның заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Комитет төрағасы Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
      21. Комитет төрағасы Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.
      22. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:
      1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
      2) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлеріне демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы және сыйақы төлеу, іссапарлар, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді;
      6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлық әрекеттердің туындауына ықпал ететін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе әрекеттер белгіленген жағдайларда бұл туралы Министрліктің басшылығына хабарлайды;
      8) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;
      9) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      10) республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру және мемлекеттік сатып алу саласында қызметті жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады;
      11) оның құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      Комитет Төрағасының өкілеттіктерін орындауды ол болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
      23. Комитет төрағасының орынбасары:
      1) өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
      2) Комитет төрағасы оған жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      24. Комитеттің осы Ережеге арналған тізілімге сәйкес аумақтық органдары болады.

4. Комитеттің мүлкі

      25. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      26. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығармайды немесе өзге тәсiлмен иелік етпейді.

5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жаңартылды: 22.12.2015 18:04:55.
Жарияланды: 22.12.2015 18:04:55.

Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...