Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Мемлекеттік бақылау



Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік бақылау

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті аумақтық бөлімшелерінің 2017 жылғы бірінші жартыжылдығына арналған іріктеу тексерулерінің тізімдері

2015 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бақылауды мониторингі және талдау

2015 жылға арналған мемлекеттік бақылауды мониторингі және талдау басқармасының норма шығармашылығы қызметі

ТРМКД мемлекеттік бақылау нәтижелері

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті аумақтық бөлімшелерінің 2016 жылғы бірінші тоқсанға арналған іріктеу тексерулерінің тізімдері

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті аумақтық бөлімшелерінің 2016 жылғы екінші тоқсанға арналған іріктеу тексерулерінің тізімдері

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті аумақтық бөлімшелерінің 2016 жылғы үшінші тоқсанға арналған іріктеу тексерулерінің тізімдері

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті аумақтық бөлімшелерінің 2016 жылғы төртінші тоқсанға арналған іріктеу тексерулерінің тізімдері

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2017 жылдың екінші жартыжылдығына арналған техникалық реттеу, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының  заңнамасын сақтауға ішінара тексерулерінің тізімі

Оларды бөлшектеп өлшеу, сату және импорттаукезінде ораманың кез келген түрінде бумаланған тауарлар санына 2016 жылы аумақтық ТРМКД өткізген мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижелері

Мемлекеттік бақылау саласындағы Техникалық реттеу және метрология комитетінің саясатын іс жүзінде іске асыруды келесі салаларда облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша Комитеттің 16 аумақтық департаменттері жүзеге асырады:

1) мемлекеттік метрологиялық бақылау;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің лицензиаттарының қызметіне мемлекеттік бақылау;

3) тауардың шығу тегі саласындағы мемлекеттік бақылау;

4) Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды ЕАЭО кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, осы елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау.

1. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша Заңның және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауларын тексеру мақсатында жүзеге асырады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты:

1) дәйексіз өлшем нәтижелерінің салдарынан азаматтардың және Қазақстан Республикасының экономикасын қорғау;

2) отандық және импортталатын өнімнің, үрдістердің (жұмыстардың) және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз ету;

3) материалдық және энергетикалық қорлардың барлық түрлерінің шынайы есепке алуды қамтамасыз ету;

4) іргетасты зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер кезінде өлшемдердің шынайылығын қамтамасыз ету;

5) ауруларды диагностикалау және емдеу, адамдардың еңбегі мен тұрмысы жағдайының қауіпсіздігін бақылау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезінде өлшемдердің шынайы нәтижелерін қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау нысандары:

1) өлшем шамасының эталондары;

2) өлшем құралдары;

3) өлшемді орындау әдістемелері;

4) метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтау бөлігінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі;

5) оларды бөлшектеп өлшеу, сату және импорттау кезінде кез келген түрдегі орамалардағы өлшенген тауарлардың саны;

6) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлардың саны болып табылады.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау мыналарды:

1) өлшем құралдарының шығарылуына, пайдалануға енгізу, жағдайына және қолданылуына, өлшем бірлігі әдістемесінің қолданылуына, шама бірлігінің эталондарына, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына бақылау;

2) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлардың саны;

3) оларды бөлшектеп өлшеу, сату және импорттау кезінде кез келген түрдегі орамалардағы өлшенген тауарлардың санын қамтиды.

2. Комитеттің құзыретінің бірі мемлекеттік рәміздерді дайындауға лицензия беру (ҚР Мемлекеттік Туы және ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы) және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының негізінде ұлттық стандарттардың талаптарына мемлекеттік рәміздердің сәйкестігіне бақылау болып табылады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау бойынша қызметті жүзеге асыруға 60 кәсіпорында мемлекеттік лицензия бар.

3. Тауардың шығу тегі туралы сертификат тауардың шығу елін куәландыратын құжат болып табылады.

Тауардың шығу тегі туралы сертификат келесі нысандар бойынша:

1) «СТ-1» нысандағы сертификат - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне Қазақстан Республикасынан әкетілетін тауарларға;

2) «СТ-2» нысандағы сертификат - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін қоспағанда, еркін сауда туралы келісім жасалған және қолданыстағы елдерге Қазақстан Республикасынан әкетілетін тауарларға;

3) «А» нысандағы сертификат – Еуропалық қоғамдастықтың мүше- елдеріне, сондай-ақ преференциялардың Бас жүйесінің шеңберінде АҚШ, Канада, Жапония, Түркия, Австралия, Жаңа Зеландия, Швейцария және Лихтенштейн, Норвегияга экспортталатын тауарларға;

4) «СТ-KZ» нысандағы сертификат – ішкі айналымға арналған тауарларға;

5) «Түпнұсқа» нысандағы сертификат жоғарыда көрсетілмеген елдерге әкетілетін тауарларға беріледі.

Шығу елін анықтау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру және оның күшін жою қағидалары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы     № 155 бұйрығымен бекітілді.

Тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылады.

Тауардың шығу елін анықтау үшін тауардың;

1) толығымен шығу тегі қазақстандық екендігі;

2) тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемін ескере отырып шығу тегі қазақстандық екендігі;

3) шығу тегі шетелдік екендігі анықталуы қажет.

Тауардың шығу елін анықтау бойынша сараптамаға байланысты жұмыстар шарттық негізде өткізіледі. Өтінім беруші өздігінен сарапшылық ұйымды таңдауды жүзеге асырады.

«СТ-KZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификат келесі:

1) тауарды жеткілікті қайта өңдеудің өлшемдеріне сәйкес жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған және Қазақстан Республикасының қалған аумағына еркін қоймалардан және арнайы экономикалық аймақтар аумағынан әкетілетін;

2) Қазақстан Республикасының аумағына өткізілетін және Қазақстан Республикасының аумағында тауарды жеткілікті қайта өңдеудің өлшемдеріне сәйкес жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған немесе шығарылған тауарларға ресімделеді, куәландырады және уәкілетті ұйымдар береді;

3) Комитеттің аумақтық департаменттері ЕАЭО кірмейтін елдерден мемлекет аумағына әкелу/әкету кезінде зергерлік бұйымдарға байланысты операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке қою бойынша жұмыстарды жүргізеді.

«Асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау және Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысына сәйкес (бұдан әрі – қаулы) Комитет атына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі асыл тастарды, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарды және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды әкелу және әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті.

Мемлекеттік бақылау үрдісін өту тәртібі жоғарыда көрсетілген қаулымен регламенттелген.

Елден әкету-әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін алудың бірінші кезеңі сараптама жүргізу бойынша уәкілетті ұйымда асыл тастарды, бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды сараптау, сәйкестендіру үрдісін жүргізу болып табылады.

Келесі кезең Комитеттің аумақтық департаментінде мемлекеттік бақылау актісін алуға ұсынылған құжаттарды тексеру жолымен құжаттық бақылауды қамтиды.

Қазақстан Республикасы Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасының қатысушысы болып табылады.

4. Ақпараттық-насихаттау жұмыстары

Комитеттің аумақтық департаменттері түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударады.

Бүгінгі күні құрылған өңірлік штабтардың шеңберінде тұрақты негізде өз қызметін жүзеге асыратын жұмыс органы қалыптастырылды.

Мәжілістер жергілікті атқарушы органдардың басшылары, мүдделі мемлекеттік органдардың, Комитеттің, ведомствоға бағынысты ұйымдардың және барлық салалық кәсіпорындардың және өңірлер ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен өткізіледі.

Өткізілетін өңірлік штабтардың мақсаты ЕАЭО шеңберінде қабылданатын техникалық регламенттердің талаптарын бизнес субъектілеріне түсіндіру және оларды жаңа талаптарға ауыртпалықсыз бейімдеуді қамтамасыз ету болып табылады. Қажет болған жағдайда отандық бизнес мүдделілігін ескере отырып, нормативтік құқықтық актілерге түзетулер мен өзгерістер енгізіледі.

Алғашқы рет енгізілетін техникалық регламенттерге сәйкес қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындарға міндетті ережелердің нормаларын қолдану тәртібі және қағидалары түсіндіріледі. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кедергілер келтірген проблемалы мәселелер, проблемаларды шешудің баламалы жолдары пысықталады.

Сонымен бірге техникалық реттеу және метрология және менеджмент жүйесі саласындағы қызметкерлерді оқыту, даярлау және біліктілігін көтеру бойынша бағдарламалар көзделген.

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды оларда қолдану кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы заңнаманың талаптарын сақтау бойынша насихат және мониторинг жөнінде жұмыстар жалғасуда.

 

Жаңартылды: 15.06.2017 18:43:24.
Жарияланды: 15.06.2017 18:43:24.

Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...