Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Зергерлік бұйымдарды сатып алуда өзіңді қалай қауіпсіздендіруге болады

Календарь новостей
22.11.2017

Зергерлік бұйымдарды сатып алуда өзіңді қалай қауіпсіздендіруге болады

        Зергерлік бұйымдар – бұл (жүзік, сырға, білезіктер, алқа, сәнді түйреуіш және т.б.) киімге немесе адам денесіне тағылатын және көбіне сәндену үшін қолданылатын бұйым.  Зергерлік бұйымдарды жасау үшін алтын, күміс, түрлі мықты асыл металдардың қорытпаларынан, бағалы тастардан және тағы көптеген бағалы материалдар қолданылады.

Көптеген адамдар үшін зергерлік бұйымдар сатып алу ұнамдылығымен қоса өз құндылығын жоғалтпайтын тиімді қаржы жұмсау болып табылады. Зергерлік әшекейлер шағын дүкендерінде  алуан түрлі алтыннан, бағалы ақ металл және күмістен жасалған, түрлі бағалы тастары бар зергерлік бұйымдар сатып алуға болады.  Бірақ, біз сатып алған бұл зергерлік бұйымдардың таңбалануы сәйкес келе ма, алтынның шынымен алтын екеніне қалай сенімді бола аламыз.

Бұл мақсатта және Қазақстан халқының мүддесін қорғау үшін өндіріс саласында және зергерлік бұйымдар айналымында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін 2016 жылдың 14 қаңтарында «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы»  Заңы қабылданды, ал өндірісті реттеу және зергерлік бұйымдардың айналымына басшылық ететін және үйлестіретін жүзеге асыратын  орталық уәкілетті ұйымы Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрологиялық комитеті болып табылады.

Жоғарыда аталған Заң талаптарына сәйкес ҚР халқының құқығын және мүдделерін қорғау мақсатында еліміздің территориясында айналымға шығару үшін зергерлік бұйымдарда келесідей ақпараттар болуы керек:

-атаулы таңбасы, бұйымды дайындаушыны  куәландыратын зергерлік бұйымға қойылатын арнайы белгі;

-Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалық таңбалары, «Барыстың басы» символының бедері, уәкілетті ұйым коды бар Қазақстан халықаралық аббревиатурасы «KZ» және жанында сынама нөмірі;

-уәкілетті ұйымнан берілген қортынды, (бағалы металдарға және тастарға сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға);

-уәкілетті ұйымның мемлекеттік бақылау актісі, кедендік операция жасамас бұрын ЕАЭС кірмейтін бағалы металдар мен тастарды ҚР территориясына әкелу және елімізден шығарылғанда беріледі, (кедендік декларациялау және кедендік тазарту).

Бұл талаптарды орындау барлығына өндірушілерге де сатушыларға да, сонымен қатар басқа елдің резиндентіне де міндетті болып саналады.

Жоғарыда аталған талаптарды бақылау мақсатында, сонымен қатар «Лига ювелиров Казахстан» ЗТБ мен «Әділет» Тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы» ҚБ, «Казахювелир» компанияларының өтінімдері негізінде сапасыз және тұтынушыларды жаңылдыратын зергерлік бұйымдарға техникалық реттеу және метрологиялық  комитеттің Астана қаласы бойынша департаменті астаналық зергерлік бұйымдарды сатушыларға қатысты кезектен тыс тексерістер жүргізуде.

Тексерістер нәтижелері бойынша көптеген заң бұзушылықтар анықталды, мысалы тексірлеген 1459 зергерлік бұйымдар бірлігінің 1045 Заң талаптарына сәйкес емес, көп жағдайда Қазақстан Республикасының бірыңғай сынамалық таңбалары және зергерлік бұйымдарға бағалы емес тастар салынғандығы туралы ақпараттар болмады.

Бірақ, зергерлік бұйымдарда Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің бірыңғай сынамалық таңбалары да, дайындаушы зауыт қоятын атаулы таңбалары да  болмаған фактілер де орын алды. Мұндай бұйымдардың сапасы күмән келтіреді, сонымен қатар, зергерлік бұйымдардың қауіпсіздігіне және контрафактілік еместігіне кепілдік жоқ. Мұндай заң бұзушылықтарға жол бергендері үшін Астананың бірнеше кәсіпорындары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 2500000 тг. айыппұл салынды.      

Қазіргі уақытта сүт өнімдерін сатып алған кезде сақталу мерзіміне қаралады, тұрмыстық техникалар сатып алғанда сәйкестік сертификаты талап ету бұрыннан бері қалыпты жағдайға айналған, сол сияқты зергерлік бұйымдарды да сатып алғанда мән берушілікпен қарауларыңызды Сіздерден сұраймыз, «Барыстың басы» символының, Қазақстан халықаралық аббревиатурасы «KZ» және жанында сынама нөмірінің болуы бұл жерде сапа мен қауіпсіздіктің маңызды көрсеткіші болып табылады.

Сондықтан, зергерлік бұйымдарды сатып алған кезде атау таңбасына, Қазақстан Республикасының сынамалық таңбасына назар аударуларыңыз керек, және зергерлік бұйымдарда атау таңбасы және Қазақстан Республикасының сынамалық таңбалары болған жағдайда ғана Сіздер сатып алған бағалы бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігіне сенімді бола аласыздар.

ҚР «Бағалы металдар және асыл тастар туралы» Заңының талаптарының бұзылғаны туралы фактілер болса  техникалық реттеу және метрологиялық  комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне хабарласуларыңызды сұраймыз. Телефон нөмірлері 750541,750542.

        

Мұқыжанов Ғ.Ғ.

ТРМК Астана қаласы бойынша департаменті.


Просмотров: 172

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...