Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Сүт және сүт өнімдері

Календарь новостей
14.12.2017

Сүт және сүт өнімдері

            Сүт - барлық компоненттері мұқият дисперсті күйін қамтамасыз ететін сұйық консистенциясы бар көп компонентті полидисперстік жүйе. Қазіргі уақытта сүт адам қолданатын көптеген өнімдердің бір бөлігі болып табылады, және оның өндірісі ірі өнеркәсіпке айналды.

Сүт өнімдері  - қайта өңдеуге арналған функционалды қажетті ингредиенттерді қамтуы мүмкін сүт құрамына жатпайтын майларды және белокты пайдаланбай-ақ сүттен және оның құрамдас бөліктерінен дайындалатын тағамдық өнім.

Кеден одағының кедендік аумағында айналымда болатын сүт өнімдері арналуы бойынша пайдаланған кезде белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде Кеден одағының кедендік аумағында қауіпсіз болуға тиіс.

Сүт және сүт өнімдерін өткізу, олардың нормативтік құжаттамаларына сәйкес тамақ өнімдерін қабылдау, бақылау, сәйкестендіру және сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ішкі сада объектілерінде санитарлық-гигиеналық нормативтерді сақтай отырып жүзеге асырылады.

Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын сүтті және сүт өнімдеріне қойылатын талаптарды қолдану және орындау үшін Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 ж. 09 қазандағы № 67 шешімімен Кеден одағының техникалық регламенті (ары қарай – техникалық регламент) 023/2011 «Жемістер мен көкөністерден алынған шырын өніміне арналған техникалық регламенті» қабылданды.

Осы техникалық регламент Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылатын тағамдық мақсатта пайдаланылатын сүтті және сүт өнімдеріне таралады, сонымен қатар, келесі өнімдерге таралмайды:

а)арнайы тамақтануда пайдалануға арналған (балалар тағамына арналған сүтті және сүт өнімдерін қоспағанда) сүт және сүт өнімдері негізінде жасалған өнімдер;

б)сүт негізіндегі немесе сүт өнімдерін пайдаланып жасалған аспаздық және кондитерлік өнімдер, тағамдық және биологиялық белсенді қоспалар, дәрілік заттар, жануарларға арналған азық, тағамдық емес тауарлар;

в)үй жағдайында және (немесе) жеке қора шаруашылығында азаматтар алатын сүт және сүт өнімдері, сондай-ақ тек жеке тұтыну үшін ғана арналған және Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығару үшін арналмаған сүтті және сүт өнімдерін өндіру, сақтау, тасу және кәдеге асыру процестері.

Аталған техникалық регламент адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлардың өмірі мен денсаулығын қорғау, арналуы мен қауіпсіздігіне байланысты сүтті және сүт өнімдерін тұтынушыларды адастыруға алып келетін іс-қимылдың алдын алу мақсатында Кеден одағының кедендік аумағында қолдану мен орындау үшін міндетті Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №881 шешімімен бекітілген Кеден одағының «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері» техникалық регламентінің (КО ТР 022/2011) және Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы №769 шешімімен бекітілген «Орауыштардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын қолдану мен орындау үшін міндетті және оларға қайшы келмейтін талаптарды белгілейді.

Толық ақпаратты Сіз Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында http://www.eurasiancommission.org  алуыңызға болады.




ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы – Сабирова Асем Холмирзоевна

 


Просмотров: 156

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...