Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АНТ БЕРУ РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

Календарь новостей
14.12.2017

САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АНТ БЕРУ РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

            2017 жылғы 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде  Қазақстан Республикасының Тәуілсіздік күні мерекесіне орай, өз әріптестері мен қоғамдық бірлестік өкілдері алдында Департаментке алғаш қабылданған  мемлекеттік қызметшінің салтанатты түрде ант беру рәсімі өтті. Салтанатты жиын Департамент басшысы Т. Б.Атчибаеваның  кіріспе сөзімен ашылды.

                 Ант беруші департаменттің  бас маманы Е. С. Акмамбетов мемлекеттік қызмет атқаруда елдің Конституциясы мен заңдарын сақтауға, адал да білікті маман ретінде қызмет етуге салтанатты түрде ант беріп, қол қойды. Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен аяқталды. Жиын соңында Департамент басшысы қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Тәуілсіздік күні мерекесімен құттықтап, адал да абыройлы қызмет етіп, үлкен жетістіктер мен жеңістерге жетуді тіледі.



Просмотров: 155

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...