Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

«Костанайнефтепродукт» ЖШС тексеру

Календарь новостей
20.12.2017

«Костанайнефтепродукт» ЖШС тексеру

                   Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне «Костанайнефтепродукт» ЖШС-нің «Центральная» ЖМС – да АИ-92 маркалы бензиннің нормадан төмен құю туралы түскен шағым бойынша,  2017 жылғы 11 - 12  желтоқсан аралығында ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес, өлшем құралдарының  жай-күйiн және қолданылуын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын және сатып алу операциялары кезінде иелiктен шығарылатын тауарлардың санының осы тауарлардың санын сипаттайтын, салмағына, көлеміне, шығынына және басқа да шамасына сәйкестігін анықтау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру жүргізу кезінде ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 19 б., 26 б.- ң бұзылуы анықталды.

Тексеріс барысында отын үлестіру колонкалары ТРК «Шельф-300» тексеру тағайындау жөніндегі акті бойынша тексерілетін кезең аралығында салыстырып тексеруден өтпегені және қолданыста болғаны анықталды.

Сатып алу операциялары кезінде иелiктен шығарылатын тауарлардың санының осы тауарлардың санын сипаттайтын, салмағына, көлеміне, шығынына және басқа да шамасына сәйкестігін тексеру кезінде, мәлімделген және бақылау өлшеу нәтижесінде алынған тауар санының арасындағы айырмашылық ТРК «Шельф-300» Зав.№5005 Пост №2 отын үлестіру колонкасында АИ-92-К2 маркалы бензиннің 20л.-ге  200мл. тең екені анықталды.

«Костанайнефтепродукт» ЖШС-ін тексеру нәтижесінде, ҚР ӘҚБҚ   419  бабының 1  бөліміне сәйкес, 453800 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, метрологиялық нормалар мен ережелердiң бұзылуын жою, қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын және заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін пайдаланудан алып тастау туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар берілді.

  


Просмотров: 145

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...