Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Техникалық реттеу сұрақтары бойынша Өңірлік штаб отырысы

Календарь новостей
26.12.2017

Техникалық реттеу сұрақтары бойынша Өңірлік штаб отырысы

             2017 жылдың желтоқсан айында Тараз қ. техникалық реттеу сұрақтары бойынша Жамбыл облысының Өңірлік штабытың кеңейтілген отырысы өткізілді.

Отырысқа Өңірлік штаб мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері, Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасы, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары қатысты.

Отырыстың шеңберінде техникалық реттеу және метрология Комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің бөлім басшысы Киргабакова К.Ш. «Құнды металлдар мен құнды тастар туралы» № 444-V ҚРЗ 2015 жылғы 14 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Заңы және осы бағытта жүргізілген жұмыс қорытындылары туралы айтып өтті.

Сонымен қатар ҚР ДМ Жамбыл облысы бойынша ҚДСКД басшысының орынбасары Шиналиев Б.С. КО ТР 021/2011 «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» сәйкес тамақ өнімінің қауіпсіздігінің мониторингін келтірді. Шиналиве Б.С. ағымдағы жылдың 11 айында жүргізіліп жатқан әкімшілік іс-шаралар туралы ақпарат келтірді.

Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық-санитарлық қадағалауды жүзеге асыру туралы ҚР АШМ ВБжҚК Жамбыл ОАИ бөлім басшысы Казыкенова Г.В. айтып кетті.

Эпизоотикалық жағдайдың нашарлауы, инфекциялық аурулардың пайда болуы туралы Халықаралық эпизоотикалық бюроның ақпараты бойынша ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті эпизоотикалық жағдайды жақсартқанға дейін бақылаудағы өнімді енгізуге тыйым салу немесе шектеуді енгізеді, сонымен бірге өнімде жол берілмейтін өнімдерден асып кеткен жағдайында күшейтілген зертханалық бақылау бірреттік енгізіледі, қайталанған жағдайда сәйкесінше тыйым салынады.

«ҚазСтИн» РМК ЖФ директоры Мыңбаев А.Қ. Өңірлік штаб қатысушыларын ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша 2018-2020 жж. арналған мемлекеттік стандарттау жоспары туралы хабардар етті. Мыңбаев А.Қ. Жамбыл облысы кәсіпорындарының ұсыныс-мәлімдемелерін қарастыру жағдайы туралы және ұлттық стандарттарды әзірлеу жағдайы туралы ақпараттандырды.

Өңірлік штаб отырысы барысында пікірлермен өзара алмасу жүргізілді, кәсіпкерлердің барлық сұрақтарына негізделген түсініктер берілді.

 


Просмотров: 146

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...