Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы

Календарь новостей
28.12.2017

Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы

Көп ұзамай бүкіл әлемде – кез келген адам үшін сүйікті Жаңа жыл мерекесі тойланады. Жаңа жыл мерекесінің тамаша дәстүрлерінің бірі сиқырлы атмосфераны тудыратын - отшашу, жарқырау және басқа пиротехниканың жарылысы. «Вау» әсері мен салауатты іске қосудың оң эмоцияларының барлығына қосымша, бұл көңіл көтерудің тағы бір жағы - адамдардың денсаулығына кемістік пен нұқсан келтіреді. Біздің еліміздің көпшілігі қауіпсіздік ережелерін ұмытып, оның арты қайғылы салдарға алып келеді. Бұл қауіпті пиротехника апаттарға, әсіресе балаларға  қауіп әкелетіні сөзсіз.

Пиротехникалық бұйымдар КО ТР 006/2011 техникалық регламенті бойынша сәйкестікті декларациялау немесе сертификаттау түрінде осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін міндетті растауға жатады. Сәйкестік туралы декларацияның және сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі - 3 жыл.

Пиротехникалық бұйымдардың Кеден одағының кедендік аумағындағы айналымы олардың КО ТР 006/2011 техникалық регламент талаптарына сәйкестігі расталғаннан кейін ғана болады. Сәйкестік сертификатында (сәйкестік туралы декларацияда) қауіптілік класы көрсетіледі.

Пиротехникалық бұйымдарды өткізуді осы өткізу жасалап жатқан Кеден одағына мүше мемлекеттің қолданыстағы ұлттық заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалар жүргізеді, бұл ретте техникалық мақсаттағы пиротехникалық бұйымдарды өткізуді IV және V класты пиротехникалық бұйымдарды таратуға лицензиясы (рұқсаты) бар заңды тұлғалар жүргізеді.

Пиротехникалық бұйымдардың таңбалау мақсатындағы белгіленуіне мыналар кіреді:

а) пиротехникалық бұйымдардың атауы (шартты белгіленуі);

б)      пиротехникалық бұйымдардың қауіптілігі туралы ескерту және қауіптілік класы;

в) пиротехникалық бұйымдарды дайындаушы ұйымның (жеткізушінің және/немесе импорттаушының) атауы мее орналасқан жері;

г) пиротехникалық бұйымдар сәйкес жасалған стандарттардың немесе өзге құжаттардың белгіленуі;

д)      жарамдылық мерзімінің аяқталған күні;

е) перечень қауіпті факторлардың тізбесі және қауіпті аймақ өлшемдері;

ж) айналым шарттарына қатысты шектеулер;

з) пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз сақтау және кәдеге жарату жөніндегі талаптар;

и) қолдану жөніндегі нұсқау;

к) пиротехникалық бұйымдардың осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат;

л) пиротехникалық бұйымдардың тағайындалуы мен қолданылу саласы.

         Адамдар пиротехниканы пайдалану бойынша нұсқаулықтарды орындамауы мен қауіпсіздік ережелерін сақтамауы салдарынан төмендегі зардаптарға әкеліп соғады: өте ауыр көз жарақатын алған адамдар ауруханаларға жүгінгенмен, алған зардаптың ауырлығынан кейбіреулері емделуге жатпайды. Балалар ең ауыр жарақат алады, себебі олар - пиротехниканың алаңғасар пайдаланушылары. Пиротехникадан өмірлік күйіктер мен жаралар пайда болады.

         Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін таңбаланған және таңбаланбаған пиротехникалық өнімдер, сондай-ақ, қаптаманың бұзылуы және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен пиротехника айналымнан алынып тасталынады.

          КО ТР 006/2011 техникалық регламентіне сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттер Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында пиротехникалық бұйымдардың айналымға шығарылуын шектеуге, тыйым салуға, сондай-ақ Кеден одағының осы техникалық регламентінің қауіпсідік талаптарына сәйкес келмейтін пиротехникалық бұйымдарды нарықтан алып тастауға арналған барлық шараларды қабылдауға міндетті.

 

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы – Ирсалиева Гульжамал Тенелкызы


Просмотров: 293

Возврат к списку



Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...