Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Сәйкестікті бағалау және метрология

Метрология
Метрология – (грек тілінен аударғанда «метро» - өлшем, «логос» - ғылым) өлшемдер, әдістер және олардың бірлігін қамтамасыз ету құралдары және талап етілетін дәлдікке қол жеткізу әдістері туралы ғылым.
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан Метрология институты» (ҚазМетрИн) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «ҚазМетрИн» ШЖҚ РМК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 қаулысымен құрылды және Қазақстан Республикасындағы жалғыз мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық болып анықталды.
Негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасын және азаматтарының мүддесін өлшемдердің дәйексіз нәтижелерінің салдарынан қорғау, отандық және импортталатын өнімдердің, үдерістердің (жұмыстардың) және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету.
«ҚазМетрИн» ШЖҚ РМК мәні мен мақсаты болып мыналар табылады:
1) Қазақстан Республикасында дайындалатын және импортталатын өлшем құралдарына белгіленген талаптарға сәйкес сынақтар жүргізу;
2) техникалық (эталондық) базаны жетілдіру;
3) өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін метрология бойынша нормативтік құжаттарды халықаралық талаптармен үйлестіру;
4) метрология саласында кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру;
5) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының шама бірліктері эталондарын ғылыми әзірлеу, құру, сақтау, қолдану және метрологиялық аттестаттау;
2) Қазақстан Республикасының эталондарынан шама бірліктері мөлшерлерін салыстырып тексеру не калибрлеу арқылы заңды және жеке тұлғалардың бастапқы эталондарына қайта шығару және беру;
3) шама бірліктерінің эталондық базасын құрудың және жетілдірудің мемлекеттік бағдарламаларын, сондай-ақ ғылыми метрологиялық орталық ретінде метрология саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу;
4) шама бірліктерінің жаңа эталондарын, жоғары дәлдікті өлшем құралдарын құру бойынша ғылыми зерттеулерді, оларды әзірлеу және дайындау бойынша ғылыми зерттеулерді, оларды әзірлеу және дайындау бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін әзірлеу және дайындау бйоынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
5) мемлекетаралық және халықаралық деңгейлерде жүргізілетін Қазақстан Республикасының шама бірліктері эталондарын салғастыруға қатысу, сондай-ақ республика шеңберінде шама бірліктері эталондарын айналмалы және радиалды салғастыруды ұйымдастыру және қатысу;
6) өлшем құралдарын, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін, аттестатталған қоспалар мен салыстырып тексерілетін газ қоспаларын салыстырып тексеруді, калибрлеуді, жөндеу мен өндіруді жүзеге асыру;
7) уақыт пен жиіліктің, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін, заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалық деректердің мемлекеттік қызметтерінің жұмысын қамтамасыз ету;
8) техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен іске асыруға қатысу, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау саласында нормативтік құжаттарды әзірлеуді, оларды мемлекетаралық және халықаралық нормалармен және ережелермен үйлестіруді жүзеге асыру;
9) нормативтік құжаттарға, техникалық құжаттамаға, оның ішінде салыстырып тексеру әдістемелеріне, өлшем орындау әдістемелеріне, жергілікті салыстырып тексеру сызбаларына, өлшем құралдарын сынау және типін бекіту, салыстырып тексеру және метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану мақсатында материалдарды, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілерінің типін бекіту үшін құжаттамаға, оның ішінде шетелдік шығарылымның стандарттық үлгілерін республикада қолданысқа енгізу мақсатында, шетелде шығарылған стандартты үлгілердің құжаттамасына техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік стандарттарға, ұсынымдарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігіне метрологиялық сараптама жүргізу;
10) өлшем құралдарын сынау, өлшем құралдарын, өлшем орындау әдістемелері метрологиядық аттестаттау, сынау жабдығын аттестаттау бойынша жұмыстар жүргізу және шетелдік метрологиялық ұйымдар жүргізетін өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеру (калибрлеу) нәтижелерін тану жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
11) өлшеу, аналитикалық және сынау зертханаларын аттестаттауға, аккредиттеуге қатысу;
12) ұйымдарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және метрология, өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, сынау саласындағы басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерге, сондай-ақ заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін және аттестатталған өоспаларды дайындау, аттестаттау және енгізу бойынша ғылыми-әдістемелік көмекті жүзеге асыру;
13) белгілен тәртіпте шетелдік халықаралық (өңірлік) ұйымдардың жұмыстарына қатысу, оның ішінде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын шарттар, меморандумдар, келісімдер шеңберінде метрология саласындағы ғылыми-зерттеу институттарымен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
14) салыстыра тексеру таңбаларын дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және оларды өшіруді жүзеге асыру;
15) метрология саласындағы салыстырып тексерушілерді аттестаттау және қайта аттестаттау, салыстырып тексерушілердің сертификаттарын беру, тоқтату немесе күшін жою жөніндегі жұмыстарды, оның ішінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу;
16) ақпараттық қамтамасыз ету, насихаттау, метрология саласында семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар жүргізу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында ғылыми-техникалық журналды басып шығару және тарату, сондай-ақ өңірлік және республикалық көрмелерді ұйымдастыру мен қатысу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
17) заттар мен материалдардың сандық химиялық құрамын өлшеу және сынау бойынша аналитикалық жұмыстарды орындау, өнімдерді электромагниттік сыйымдылыққа сынауды жүргізу;
18) Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімін жүргізу;
19) өнімдері параметрлерін салыстырып тексеру, калибрлеу кезіндегі, өлшеу (сынау) кезіндегі өлшемдер белгісіздігін бағалау әдістемелерін, өлшем орындау әдістемелерін, оның ішінде жергілікті салыстырып тексеру сызбаларын әзірлеуді жүзеге асыру;
20) «Метрология» ғылыми-техникалық журналын басып шығаруды жүзеге асырады.
«ҚазМетрИн» ШЖҚ РМК құрылымына Асатана қаласындағы бас кәсіпорын және бес филиал кіреді:
- Алматы қаласындағы Оңтүстік Қазақстан филиалы;
- Орал қаласындағы Батыс Қазақстан филиалы;
- Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан филиалы;
- Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе филиалы;
- Қарағанды қаласындағы Қарағанды филиалы.
Қазақстан Республикасының эталон базасы елдің салалық экономикасын метрологиялық қамтамасыз ету жүйесінің орталық, маңызды элементі болып табылады, ол өлшемдердің әртүрлі салаларында қызмет ететін эталондардың жиынтығын қамтиды.
Қазақстан Республикасының эталон базасы бүгінгі күні эталондар мен эталондар жабдықтарының 101 бірлігін құрайды, соның ішінде:
58 бірлік – мемлекеттік эталондар,
22 бірлік – жұмыс эталондары,
21 бірлік – эталон жабдықтары.
Бас кәсіпорынның және филиалдарының калибрлеу және салыстырып тексеру зертханалары ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 талаптарына сәйкестікке – ұлттық жүйесінде, сондай-ақ МС ИСО/МЭК 17025:2005 талаптарына сәйкестікке – халықаралық жүйеде аккредиттелді.
«ҚазМетрИн» ШЖҚ РМК сынау базасы сондай-ақ электрмагнитті үйлесімдікке (ЭМҮ) өнімді сынау саласында техникалық құзыреттілікке ұлттық жүйеде аккредиттелді және электрмагнитті үйлесімдікке сынаудың 15 түріне және температураның, дірілдің, шаңның, ылғалдың әсеріне, корпусының мықтылығына сынауларды қамтамасыз ететін қондырғылар мен сынау қабырғаларының кешені бар.
«ҚазМетрИн» ШЖҚ РМК қызметі туралы нақты ақпарат www.kazinmetr.kz ресми сайтына орналастырылған.
 

Аккредиттеу

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 773 қаулысымен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Қазақстан Республикасының аккредиттеу жөніндегі органы ретінде анықталды.

АККРЕДИТТЕУ – белгілі бір сәйкестікті бағалау саласында жұмыстарды орындауға өтінім берушінің құзыреттілігін аккредиттеу жөніндегі органның ресми тану рәсімі.

Сәйкестікті бағалауды растау жөніндегі органдарды аккредиттеу (СБО), немесе олардың құзыреттілігін ресми тану, бұл сенімді сынау, өлшем және салыстырып тексеру көрсетілетін қызметтерін тапсырыс берушілердің таңдаудың ыңғайлы құралы. Осы тануды растау үшін СБО мерзімді түрде сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық стандарттардың талаптарына олардың үнемі сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында аккредиттеу жөніндегі орган қайта бағалайды.

НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗ

- «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңы;

- «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы;

- «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы;

- «Аккредиттеу жөніндегі органды анықтау туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 773 қаулысы;

- Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, акредиттелгеннен кейінгі шарттардың типтік нысандарын бекіту туралы:http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005356.

- ҚР СТ ИСО/МЭК 17011-2006 «Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды бағалау және аккредиттеуді жүзеге асыратын органдар. Негізгі талаптар»;

-  ILAC, IAF, EA  халықаралық құжаттары.

АККРЕДИТТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ: 

- сынау, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары - ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007; 

өнімдерді, үрдістерді және көрсетілетін қызметтерді сертификаттау бойынша органдар - МЕМСТ ISO/IEC 17065-2013;

- аудит жүргізу және менеджмент жүйесін сертификатату жөніндегі органдар МЕМСТ ISO/IEC 17021-2012;

- персоналды сертификаттау бойынша органдар ҚР СТ ISO/IEC 17024-2012. 

АККРЕДИТТЕУ ҚАҒИДАТТАРЫ:

- еріктілігі;

- құзыреттілігі;

- кемсітушіліктің жоқтығы;

- құпиялылық;

- міндетті және ерікті түрде жұмыс істейтін ұйымдарға бірыңғай талаптар.

«ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

- сәйкестікті растау жөніндегі органды, сынау және салыстырып тексеру (калибрлеу) зертханаларын аккредиттеу;

- сәйкестікті растау жөніндегі органды, сынау және салыстырып тексеру (калибрлеу) зертханаларын инспекциялық тексерулер;

- аккредиттелген субъектілердің тізілімін жүргізу, мүдделі тараптардың өтінімдері бойынша ақпарат ұсыну;

- салыстыру сынақтарын өткізу;

- аккредиттеу саласындағы халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара бірлесіп жұмыс істеу;

- аккредиттеу саласында нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеу;

- аккредиттеу саласында мамандарды даярлау және біліктіліктерін көтеру;

- сәйкестікті бағалау және аккредиттеу мәселелері бойынша семинарлар, конференциялар ұйымдастыру.

АККРЕДИТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Әлемнің көптеген дамыған елдерінде ҰАО ұқсас органдар бар. Қазіргі уақытта аккредиттеу органдарының ауқымды бөлігі өз қызметінде ИСО/МЭК 17011 халықаралық стандартын негіз ретінде қабылдады.

Халықаралық стандарттарды қолдану мемлекеттерге сәйкестікті бағалау бойынша органдардың құзыреттілігін анықтауда бірыңғай тәсілді қабылдауға көмек көрсетті. Бұл бірыңғай тәсіл ұқсас жүйелері бар елдерге аккредиттеу жүйесінің бір-бірін өзара бағалау және тануға негізделген келісімдер жасауға мүмкіндік береді.

Халықаралық тануға қол жеткізу тетігі зертханалар мен инспекция органдарын аккредиттеуді өзара тану туралы (Mutual Recognition Arrangement, MRA) Келісім желісі немесе сертификаттау жөніндегі органдарды тану туралы көптарапты (Multilateral Arrangement, MLA) Келісім арқылы жүзеге асырылады. Осы Келісімге қол қойған мемлекеттер мен ұйымдар халықаралық ұйымдар құрды, олар қазіргі уақытта халықаралық аккредиттеу талаптары және тәжірибені үйлестіру мәселелерімен айналысады.










Жаңартылды: 24.12.2015 17:16:21.
Жарияланды: 24.12.2015 17:16:21.


Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...