Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті

  • 2016 жылы өткізілген аймақтық штаб отырыстар саны - 73-нан астам
  • Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорындағы стандарттардың жалпы саны - 69500 
  • Комитеттің Департаменттерімен 2016 жылғы жүргізілген тексерістер саны - 1228 
  • 2016 жылы әзірленген ұлттық стандарттар саны - 747

Менеджмент жүйесі

Республикада соңғы жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда менеджмент жүйесін енгізу бойынша жұмыс белсенді түрде жүргізілуде. Үздік халықаралық компаниялардың тәжірибелері мен білімдеріне негізделген заманауи менеджмент жүйелері қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіктеріне әсер ететін нарықты реттеу тетігінің мәселелерін кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді.

Сапалы өнім (көрсетілетін қызмет) алу бөлігінде тұтынушылардың қанағаттанушылықтарын қамтамасыз ету және үнемі тұрақты түрде құқықтарын сақтауға 9000 сериялы ISO халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған сапаны басқару жүйесі ықпал етеді. Өз персоналының денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде сенімді жағдайларды қамтамасыз етуге 18000 ОНSАS халықаралық стандарттарға сәйкес кәсіби қауіпсіздіктің менеджмент жүйесі болып табылады. Компанияның келеңсіздік ықпалдарынан қоршаған ортаны нысаналы қорғау және бірізділікпен қорғау үшін жағдайлар ISO 14000 стандарттарына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесі құрады.

Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында менеджменттің жаңа жүйесін енгізу және әрі қарай дамыту мақсатында ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов 2010 жылғы 22 қазанда № 1100 «Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру бойынша бағдарлама» қаулысын бекітті. Жоғарыда көрсетілген бағдарламаға сәйкес менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған, соның ішінде экспортқа бағытталған кәсіпорындардың мониторингі жүргізіледі.

Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің ұсынған мәліметтері бойынша 2015 жылғы 1 шілдесі жағдайына Қазақстан Республикасының 8527 кәсіпорны халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестікке менеджмент жүйесін енгізді және сертификаттады. Оның ішінде 7281 – ИСО 9001 , 13269 – ИСО 14001, 1221 – ОНSАS 18001, 111 – ИСО 22000, 16 – SА 8000.

Менеджмент жүйесін енгізген Қазақстан Республикасындағы экспортқа бағытталған кәсіпорындардың саны - 319. Енгізу дәрежесінде 85 кәсіпорын бар.

Халықаралық стандарттарға сәйкестікке сертификатталған 8527 кәсіпорындардың/ұйымдардың ішінен менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындардың/ұйымдардың неғұрлым көбі республиканың мынадай ірі облыстары мен қалаларында шоғырланған: Алматы – 2349 (менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттағандардың жалпы санына 27 %), Қарағанды облысы – 1317 (15 %), Ақтөбе облысы – 906 (10,6 %), Оңтүстік Қазақстан облысы – 882 (10,3 %), Жамбыл облысы – 837 (9,8 %), Алматы облысы – 794 (9,3 %). Менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындардың неғұрлым азы мынадай облыстарда бар: Солтүстік Қазақстан – 145 кәсіпорын (менеджмент жүйесін енгізген жалпы санынан 1,7 %), Қостанай – 250 (2,9 %), Ақмола – 283 (3,3 %).

Менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындардың жалпы саны 2014 жылы Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 766-ға өсті (2014 жылдың қорытындысымен салыстырғанда).


Жаңартылды: 23.12.2015 14:19:15.
Жарияланды: 23.12.2015 14:19:15.


Министр блогы

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ

загрузка карты...